«Өндірушілер таратқан ақпаратқа сәйкес, вакцинаның тиімділігі 99%. Алайда ондай ықтималдық бар. 1 пайыз адам вакцинациядан соң ауырып қалуы мүмкін. Алайда, ауру жеңіл өтеді», - деді Эльвира Ибрагимова.
Оның айтуынша, маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау міндетті шарт.
«Бұл инфекцияның жаңа екендігіне байланысты біз сіздерге профилактика ретінде міндетті түрде маска тағуды ұсынамыз»,- деді ол.
Мұның алдында ол Алматыда 1750 медицина қызметкері,
658 полиция қызметкері мен 310 мұғалім вакцина алғанын айтты.