Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Вакцинацияға алдын ала жазылу eGov mobile қосымшасы арқылы жүзеге асырылды. Техникалық мәселелердің бәрі шешілді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінен келісім алған соң бірнеше қалада пилоттық режимде іске қосамыз», - деді министр.