Вакцинамен қамтылған тұрғындардың саны 9,5 млн-ға жуықтады
09:44, 21 Сәуір 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 20 сәуірге дейін Қазақстанда Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 027 356 адам алса, екінші дозасын 881 570 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Pfizer екпесінің бірінші компонентімен қамтылғандардың 810 165-і жасөспірімдер, 37 495-і жүкті әйелдер, 134 185-і бала емізетін аналар. Екінші компанентін алған жасөспірімдердің саны – 731 405, жүкті әйелдер – 32 005, ал бала емізетін әйелдер – 115 481.
«Жалпы, 20 сәуірдегі есеп бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 475 840 адам алды, екінші компонентін 9 224 495 азамат салдырды», - деп мәлімдеді комиссияның баспасөз қызметі.