«Егер әйел вакцинаның алғашқы дозасын алып, кейін жүкті екенін білсе, қорқынышты ештеңе жоқ. Оған екінші доза алмау туралы медициналық анықтама береді. Бүгінгі таңда жүкті әйелдерге вакцина салу мәселесі әлем бойнша талқыланып, қарастырылып жатыр», - деп жауап берді ҚР ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.
Өз кезегінде ҚР ДСМ ҚДСҰО «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары м.а. Манар Смағұл да бұл жағдайда қорқудың қажеті жоқ екенін жеткізді.
«Егер әйел вакциналаудан кейін жүкті екенін білсе, ешқандай әрекет жасаудың қажеті жоқ. Жүкті әйелдер өз жағдайын білместен вакцина алуы мүмкін. Вакцинаның жүктілікке әсер ететіні туралы еш ақпарат жоқ. Сондықтан қорықпаңыздар және ешқандай әрекет жасамаңыздар», - деді Манар Смағұл.
Оның айтуынша, қазір АҚШ-та жүкті әйелдерге вакцина салынып жатыр.
«Болашақта нақты ғылыми деректер пайда болған соң, біз де осындай жүйені енгіземіз», - дейді М.Смағұлова.