«Егер адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасынан кейін ауырып қалса, алдымен тиісті ем алуы керек. Әрине, емдеу кезеңінде ол екінші дозаны алмайды. Сауыққаннан кейін бізде кез келген вакциналау үш-алты ай өткеннен кейін басталады. Тиісінше, бірінші компонентті алғаннан кейін ауырғандар емделеді және қалпына келгеннен кейін үш-алты ай күтеді. Қалпына келген соң алты айдан кейін вакциналаудың толық курсын қайтадан бастайды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Яғни, маманның айтуынша, вакциналау курсы қайтадан бірінші дозадан басталады.
«Біз қазір барлық қаулыларда коронавируспен ауырғандардығ 3 ай бойы вакцина алмайтынын, вакциналаудан босатылатынын, олардың кез келген ұйымға және жұмыстан барудан шеттетілмейтінін және және ПТР тестілеу тапсырмайтынын жазып жатырмыз», - деді Р. Қожапова.
Сонымен бірге, спикер коронавирусқа антиденелер ағзада орта есеппен алты ай сақталатынын еске салды.