«2019 жылды Жастар жылы деп жариялау - жастар мәселесінің мемлекет мүддесінің тасасында қалып қоймай, басты бағыттардың біріне айналғаны қуантады. Бұл тек жастардың әл-ауқатын жақсарту ғана емес, сондай-ақ рухани құндылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда бүкіл әлемде жастарды жұмыспен қамту мәселесі дағдарыс алдында тұрғаны анық. Осы орайда Қазақстан өз жастарының алдыңғы өміріне алаңдаушылық білдіріп, мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде қолға алуы өте дұрыс шара деп ойлаймын. Қазақстан алдағы болашаққа жоспар құрған кезде міндетті түрде жастардың мәселесін ескеретіні анық», - деді Вакиль Набиев.
Оның айтуынша, Қазақстанда жастардың білім алып, өзге елдегі құрдастарымен бәсекеге түсуі үшін барлық жағдай жасалған.
«Мемлекет алдында жастар атқаратын міндеттер де бар. Ол салауатты өмір салтын ұстану, білім алу, өзге жастармен бәсекеге қабілетті болу. Одан бөлек, мемлекет жастардың жұмыспен қамту, білім беру, баспанамен қамтамасыз ету бойынша көптеген келелі мәселелерін шешуі тиіс», - деді орталық басшысы.
Еске салайық, бүгін Астанада Президенттің қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды былтырғы 5 қазанда Қазақстан халқына кезекті Жолдауында ұсынған еді.
Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын. Бір айдан астам уақыт өткеннен кейін Елбасы Жарлығымен 2019 жыл ресми түрде Жастар жылы деп жарияланды.