Валенсия төрт күндік жұмыс аптасына көшу экспериментін бастады

МАДРИД. ТАСС – ҚазАқпарат - Валенсия билігі дүйсенбіде төрт күндік жұмыс аптасын енгізу тәжірибесін бастады. Бұл туралы жергілікті қала әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Валенсия 32 сағаттық жұмыс аптасына көшу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыратын әлемдегі алғашқы қала», - делінген баспасөз хабарламасында. Эксперимент 7 мамырға дейін жалғасады. Валенсияда демалыс болып жарияланған айдың барлық дүйсенбісіне мереке күндері түсіп тұр.

Эксперимент кезінде қысқартылған жұмыс аптасы жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатына, қоршаған орта мен экономикаға, әсіресе сауда, мен демалысты ұйымдастыру салаларына қалай әсер ететініне анализ жасалады.

Нәтижесі шілде айында ұсынылады деп жоспарланып отыр.