Валентина Исламова ширек финалда түркиялық Евин Демирханды 12:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша, 50 келі салмақ дәрежесінде Токио Олимпиадасының лицензиясына иелік етті.
Исламова финалға шығу үшін румыниялық спортшымен кездеседі.