«ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.
***
В.И.Матвиенконы І дәрежелі «Достық» орденімен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Матвиенко Валентина Ивановна І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 12 шілде
№ 59