Валерий Леонтьев 60 жасқа толды

МӘСКЕУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат – Ресейдің белгілі әншісі Валерий Леонтьев бүгін 60 жасқа толды. Жас кезінен мектеп хорында ән салып, драмалық үйірмеге қатысқан болашақ эстрада жұлдызы өзінің алғашқы жеке концертін 1972 жылы Коми АКСР-нің деревнясындағы от жағылмайтын селолық клубта өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. 1979 жылдан бастап үлкен сахнада әншіліктің қиын да күрделі жолынан өтті. Алдымен Бүкілодақтық конкурста социалистік достастық елдерінің әндерін шырқап, бірінші жүлдені жеңіп алды. Одан кейін Болгарияда өткен «Алтын орфей» фестивалінде Гран-приге ие болды. Ол Раймонд Паулс, Александра Пахмутова, Игорь Крутой сияқты танымал композиторлармен шығармашылық ынтымақта болып, шын мәнінде бүкілхалықтық сүйікті әншіге айналды. Ол сыртқы әлеміш кейпімен қатар, жарқын концерттік шоу бағдарламаларымен де көрермендер жүрегін жаулап алды. Ол өзінің сахналық киімдері мен би нөмірлерін өз ойластырып шығарды. Валерий Леонтьев «Отан алдағы сіңірген еңбегі үшін», Михаил Ломоносов және бірінші дәрежелі Ұлы Петр ордендерімен марапатталған. Ол 30-дан астам күйтабақтар мен компакты-дискілерді жаздырды. В.Леонтьев өзінің 60 жылдық мерейтойын шығармашылық қуатында қарсылап отыр.Ресей Президенті Дмитрий Медведев әншіні мерейтойымен құттықтады.