Валерий Леонтьевтің пәтерін тонап кетті
09:38, 31 Шілде 2012
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Мәскеуде әнші Валерий Леонтьевтің пәтері тоналды, деп хабарлайды "Интерфакс" құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.
Пәтердің тоналғандығын әншінің арт-директоры мәлім еткен. Бұл кезде В.Леонтьевтің өзі Юрмаладағы «Жаңа толқын» фестивалінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әншінің Колокольников көшесі қиылысындағы пәтерінен ұрылар ақша мен бағалы заттар салынған екі сейфті алып кеткен.