Ресейлік әнші Валерий Меладзенің отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты қаңтар айына жоспарланған концерті кейінге шегерілді.
«Құрметті достар! Жақын адамдарының бірінің қайтыс болуына байланысты, маған Алматыда өтетін концертімді 2,4 және 6 ақпанға ауыстыруыма тура келіп тұр. Мені түсінесіздер деп ойлаймын»,- деді әнші.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатып алынған барлық билет жаңа күнге жарамды болады.
Билетті өткізу үшін алынған жерге хабарласу керек.