Кей азаматтар әншінің концертіне билеттерді хабарландыру сайтынан сатып алуды ұйғарған. Сол себепті А. есімді азаматтың айлакерлік амалына түсіп қалған.
«Шынында күдіктіде ешқандай билет болмаған. Оның айлакерлік амалы келесідей болған, ол билеттердің бар екені туралы хабарландыруларды орналастырып, билеттер үшін толық төлемдерді алған, кейін телефонын өшіріп, байланысқа шықпай қойған. А. есімді азамат концерт өткен соң да бірнеше билет сатып үлгерген. Ол ұсталды және 50 Cent, Akon сынды шетелдік әртістердің жақында болған гастрольдік сапарларында да сондай алаяқтық жасағанын мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің Киберпол бастығы Игорь Пудовкин.
Еске салайық, Алматыда 20, 23 және 25 қаңтарға жоспарланған Валерий Меладзенің концерті өтпейтін болғанын хабарлағанбыз. Себебі, әншінің отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты қаңтар айына жоспарланған концерті кейінге шегерілген еді.
Бұған дейін өткен жылы қараша айында Алматыда 50 Сent-тің концертіне жалған билеттерді сатқан 18 жастағы жігіт ұсталған болатын.