Халықаралық турнирде сынға түскен Қазақстан құрамасының өкілі Валерий Рахимжан финалдық кезеңге жолдама алды.
Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен атудан үздік нәтижелердің бірі көрсетті.
Финалдық бәсекеде Рахимжан 8-орынды иеленді. Бірінші орынды қытайлық Ху Кай, екінші орынды ресейлік Антон Аристархов, ал қола жүлдені швейцариялық спортшысы Джейсон Солари жеңіп алды.
Еске сала кетейік, бұған дейін нысана көздеуден Аргентинадағы әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасында кімдер бар екенін жазған едік.