Енді борышкерлер қарызын түгел өтемей шетелге шыға алмайды. Бүгіннен бастап «Беркут» базасы арқылы банк борышкерлеріне жол жабылады.
«Борышкерлердің арасында қарызын жартылай өтеп жатқандар бар. Бірақ, шектеу барлығына қатысты қойылды. Өйткені, ликвидациялық комиссия осындай шешім шығарды. Бұл сот шешімімен санкцияланды. Көп жағдайда, мұндай шектеулер өте тиімді нәтиже береді. Яғни, көп ұзамай-ақ адамдар қарыздарын төлей бастайды», - деді Р.Ыдырысов.