Валюта бағамы таблосын ғимарат ішіне кіргізбеген бекеттерге айыппұл салынуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов валюта бағамының таблосын ғимарат ішіне кіргізбеген айырбастау бекеттеріне қандай шара қолданылатынын айтты.
1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы айырбастау бекеттері валюта бағамдары көрсетілген электрондық таблоны ғимарат ішіне кіргізуге міндеттеліп отыр. алып тастауға міндетті болады. Ұлттық банк басшысы бұл талапқа бағынбаған кәсіпкерлерге қандай шара қолданылатынын айтты.
— Санкциялар Әкімшілік кодексте жазылған. Біз талаптарды қалыптастырамыз, ал жауапкершілік заңда көзделген. Жаңа талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 3-тен (11 796 теңге -ред.) 5 айлық есептік көрсеткішке (19 660 теңге) дейін баруы мүмкін, — деді ол.
Айта кетейік жаңа талап бойынша 1 қыркүйектен бастап валюта бағамы туралы ақпараттық стенд (табло) айырбастау бекетінің ішінде немесе касса жанында болуы керек.