Ван Гогтың 14 жыл бұрын ұрланған қос туындысы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы Ван Гогтың 2 суретін тапты. Құнды өнер туындылары атақты суретшінің Амстердамдағы музейінен бұдан 14 жыл бұрын жоғалып кеткен еді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Табылған «Схевенингендегі теңіз» картинасы 1882, ал «Нюэнендегі шіркеу» шығармасы 1885 жылы салынған. Оларды 2002 жылы неаполитандық мафияның ұрылары қолды еткен деседі. Қос туындының да бағасы миллиондаған еуро тұрады. Суреттер жақсы сақталған. Алайда оның Амстердамға қашан қайтарылатыны әзірге белгісіз.