Ван Гогтың кенепке салған суреті аукционда 50 млн долларға сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландылық суретші Винсент Ван Гогтың «Егістік алқабы мен егінші» картинасын 13 қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін аукционда сатылымға қояды.

Бұл туралы Christie's аукцион үйінің сайтында хабарланды.

1889 жылы кенепке салынған суреттің көлемі 50,3×64,9 см, ол 50 миллион долларға бағалануда. Дәл осы картина техастық Нэнси Ли мен Перри Бассаның жинағынан ұсынылатын 36 жұмыстың ішіндегі ең басты сауда лоты болмақ.