Ванья Кингпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Ярослава Шведова US Open ашық чемпионатында жеңіске жетті

None
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ -Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен американдық спортшы Ванья Кингтің жұбы US Open ашық чемпионатының жеңімпаздары атанды.

«Үлкен шлем» турнирлерінің қатарына кіретін Нью-Йоркте өткен жарыстың ақтық кезеңінде қазақстандық-американдық жұп Лизель Хубер мен Надежда Петрованың американдық-ресейлік альянсын 2:6, 6:4, 7(7):6(4) есебімен жеңді.

Финалдық кездесу жексенбі, қыркүйектің 12-сінде басталып, дүйсенбі күні яқталды. Жарыстың екі күнге созылуына нөсер жауын себеп болды. Бірінші күні Л. Хубер/ Н. Петрова жұбы 2:6, 6:4

есеппен алда келе жатқан болатын. Үшінші сетте есеп 5:4 болған кезде, нөсердің салдарынан ойынды тоқтатып, кездесуді келесі күнге ауыстыруға тура келді. Осы үзіліс Шведова мен Кингтің жұбына жақсы әсер етсе керек, олар келесі күні жалғастырған ойынды тай-брейкте -7:6 есеппен аяқтады.

Ванья Кинг жұптық турнирде осымен он екінші рет жеңіске жетсе, Ярослава Шведова мұндай жарыстарда үш рет қана жеңіске жеткен.