Вандалдар Дәуіт пайғамбар мешітін бүлдіріп кетіпті

Фото: None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - «Әл-Ақса» қоры қызметкерлерінің айтуынша, белгісіз біреулер Құдыстағы «Әл-Ақса» мешітінің оңтүстік батысындағы әл-Жани тарихи ауданында орналасқан Дәуіт пайғамбардың мешітін бүлдіріп кеткен. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.

Дәлірек айтқанда, бүлдірушілер 17 ғасырға тиесілі Осман империясы тұсында мәрмәрден қаланған мешіттің алдыңғы жағын қиратып кеткен.

«Әл-Ақса» қорының басшылары соңғы кездері Құдыстағы Ислам құндылықтары вандалдардың нысанына жиі іліне бергенін айтып отыр», - деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің сайты.