Өз жұмысында мамандар жаңа әдісті - эмоциялық проекцияны пайдаланды. Оны түрлі йогурттардың дәмін тату кезінде қолданды.
Ғалымдар еріктілердің көңіл-күйін тексерді. Үш топ болды (кем дегенде 24 адамнан). Әрбір топ екі түрлі йогуртты алды. Өнім дәмі және майлылығымен ерекшеленді.
Майы аз ванильді йогурт қатысушылардың көңілін көтерген. Бұл ваниль иісі адам психикасы үшін пайдалы екенін тағы бір дәлелдеді. Бұрын аурухананың қабылдау бөлімінде таратылған ваниль иісі агрессия көрсеткішінің төмендеуін көрсеткен.