Ванкувер қаласы олимпиада деревнясын 2010 жылғы Ойындардың ұйымдастыру комитетіне табыс етті

АСТАНА.  Қарашаның  5-і.  ҚазАқпарат -  Ванкувер қаласы   Олимпиадаға 100  күн қалғанда, яғни сәрсенбі күні   олимпиадалық деревняны    2010 жылғы қысқы   Ойындардың   ұйымдастыру комитетіне  табыс  етті.

Ванкувер   мэрі Грегор  Робертсон    ресми   рәсімде        құрылысы  үш  жыл  бойы   салынған  және     2010 жылғы  Олимпиада ойындары  кезінде   спортшылар,  жаттықтырушылар,       төрешілер  мен  басқа  да  қатысушылар   тұратын  деревняның       символдық  кілтін     Ванкуверде өтетін  Олимпиадалық   және  Параолимпиялық   ойындардың      ұйымдастыру комитетінің  басшысы  Джон  Фурлонгқа    табыс етті.

 Олимпиадалық деревня  ұйымдастыру комитетіне   6 айға  беріліп отыр - Олимпиада және  параолимпия  ойындары тарихқа  айналғаннан кейін, 2010 жылы сәуірдің  30-да    ұйымдастыру комитеті      деревняны     қалаға қайтарады.