Ал, жалпы қазіргі уақытта 20 мемлекеттің спортшылары әртүрлі дәрежедегі медальдарді жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Швейцария құрамасының қоржынында әзірше 3 алтын медаль бар. Екінші орынға 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді жеңіп алған АҚШ құрамасы көтерілді. Үшінші орынға 2 алтын және 1 күміс медальді еншілеген Корея құрамасы орнықты. Одан кейінгі орындарда Франция (2 алтын, 2 қола), Германия (1 алтын, 3 күміс, 1 қола), Канада, (1 алтын, 2 күміс, 1 қола), Қытай (1 алтын, 1 күміс), Чехия (1 алтын, 1 қола), Голландия (1 алтын), Словакия (1 алтын), Швеция (1 алтын), Норвегия (2 күміс, 1 қола), Италия (1 күміс, 2 қола), Жапония (1 күміс, 1 қола), Австралия (1 күміс), Польша (1 күміс), Эстония (1 күміс), Австрия (1 қола), Ресей (1 қола) және Хорватия (1 қола) құрамалар келеді.