Мұндай халықаралық рейтингті сәрсенбі күні, Лондонда Economist Intelligence Unit ықпалды халықаралық зерттеу институты жариялады, деп хабарлады РБК.
Рейтингтің екінші тұғырында - Австралияның Мельбурн қаласы. Алғашқы үштікке Австрия астанасы Вена кіреді. Содан кейінгі орындарға канадалық Торонто мен Калгари, Финляндия астанасы Хельсинки, австралиялық үш қала - Сидней, Перт және Аделаида жайғасқан. Жаңа Зеландияның Окленді алғашқы ондыққа енді.