Ішкі істер министрлігінің қызмет және жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы полиция полковнигі Владимир Марьиннің айтуынша, қазақстандық спортшылар олимпиадада табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, астаналық Серік Нұрғалиев жаттығудың үш түрінде үш алтын медаль жеңіп алды. Енді оның қоржынында 26 алтын медаль бар.
Біздің тағы бір отандасымыз - шымкенттік Асқар Жандаров та олимпиадада жақсы өнер көрсетті, ол классикалық күресте - күміс медаль, күш қоссайысында - қола медаль қанжығалады.
Ал кешке бокстан ақтық сайыс өтті. Қазақстандық үш спортшы - қызылордалық Өміржан Әбдрахимов, алматылық Алмас Досжанов пен Абділсанат Шарафов алтын медаль жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға әлемнің 67 елінен 12 мың спортшы қатысты.