деп хабарлайды ҚР Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі.
Ел делегациясының құрамына 37 спортшы кіріп отыр. Олардың ішінде Екатерина Айдова мен Айдар Бекжановтың қанжығасында екіден лицензия бар.
Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғайтындар негізінен Шығыс Қазақстан (14) мен Ақмола облыстарының (8) спортшылары болып отыр. Ал елордасы Астананың атынан биатлоншы Любовь Филимонова жарыс жолына шықпақ.
Естеріңізге сала кетейік, ел құрамасының ту ұстаушысы биатлон бойынша спорт шебері Диас Кенешев болмақ. 24 жастағы Д.Кенешев 2008 жылғы жаздық биатлон спорты бойынша Әлем чемионатының күміс және қола жүлдегері, Қазақстан Кубогының иегері, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы.
Айта кетейік, 2010 жылы ақпанның 4-інде - Олимпиада қалашығы ресми ашылады.
2010 жылы ақпанның 8-інде - Қазақстан Республикасының Туы көтеріледі.
2010 жылы ақпанның 12-інде - Олимпиада ойындары ашылады.
2010 жылы ақпанның 28-інде Олимпиада ойындары жабылады.