Ванкуверге қар жүк көліктерімен тасымалданады

Ванкуверге қар жүк көліктерімен тасымалданады

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Сноубординг және фристайл жарыстары өтетін олимпиадалық нысандарға қар жүк көліктерімен тасымалданатын болды. Қысқы Олимпиада ойындары өтетін Ванкувердің төңірегінде қар жеткіліксіз болып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Метеоболжамдар бойынша, Қысқы Олимпиада ойындары ашылатын ақпанның 12-сіне дейін жағдай өзгере қоймайды. Сондықтан да, жарыстар өтетін нысандарға қар жүк көліктерімен, аса қажет болған жағдайда тікұшақтармен де жеткізетін болды.

Тәулік бойы іске қосылып тұрған 35 қар зеңбірегі қар қабатын жасау үшін қазірдің өзінде 95 миллион литр су жұмсап отыр.