Вануату мемлекетіне таяу маңда аса қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Вануату мемлекеті орналасқан аралдарда, Тынық мұхитта кеше таңертең магнитудасы 6,2 балдық аса күшті жер сілкінісі болды.

 Зілзала кіндігі осы елдің астанасы Порт-Вила қаласынан солтүстік батыста шамамен  500 шақырымда, 35 шақырымдай тереңдікке орналасқан, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Қирандылар мен адам қазасы жөнінде әзірге деректер түсе қойған жоқ. Сондай-ақ цунами туралы да мәлімделмей отыр.

Бұл елдегі халық саны небәрі  250 мың адамды құрайды.