Варшава-Астана рейсіне билеттер сатыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаев әлеуметтік желілерде Варшава-Астана рейсіне билеттердің сатыла бастағандығын хабарлады.

«Польшада Варшава-Астана-Варшава рейсіне авиабилеттер сатыла бастады, аптасына 4 рейс, қош келдіңіздер!»,-деп жазды ол өзінің твиттердегі парақшасында және Pasazer.com. сайтындағы жаңалыққа сілтеме жасады.

Сайт 8 мамырдан бастап, рейсті LOT Polish Airlines (Польша әуе желілері) әуе компаниясы жүзеге асыратындығын хабарлады. Ұшу дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндеріне қарастырылған. Ұшып келу күндері келесі күні. Бір бағытқа ұшу (бару не келу) 5 сағатқа жуық уақытты алады.