Варшава: Қазақстан тағаттылық пен кемсітпеушілік саласындағы әлемдік стандарттардың жүзеге асырылуын тәжірибе жүзінде толықтай қамтамасыз етуде - Леонид Прокопенко

РШАВА. 8 қазан. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүшесі ретінде Қазақстан тағаттылық пен кемсітпеушілік саласындағы әлемдік гуманитарлық өлшемдерді, сондай-ақ агрессивті ұлтшылдық, нәсілшілдік пен шовинизмнің алдын алуды тәжірибе жүзінде іске асыруға талпынады.

Бұл туралы Варшавада жұма, 7 қазан күні аяқталған ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы Шолу конференциясында Қазақстан халқы ассамбелиясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко мәлім етті.

Варшава колнференциясында сөз алған ҚР ресми делегациясының өкілі Қазақстан Ресмпубликасының Президенті Нұрсқұлтан Назарбаевтың «Қазақстан үшін тағаттылық ұстанымы саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, мемлекеттің негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады» деген сөзін мысалға келтірді.

Сондай-ақ Л.Прокопенко халықаралық қауымдастыққа Қазақстанның Конституциясы зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діні жақтарын үгіттеуге жол бермей, тілі мен ұлтына қарамастан заң алдында барлық азаматтардың теңдігін қамтамасыз етеді дегенді жеткізді.