Көптеген көшелер мен жерасты жолдары, жерасты автотұрақтары суға толып, Польша астанасының жан-жағында және көшелерінде қалдырылған автокөліктер зақымдалды, деп хабарлады Росбалт.
Варшаваның өртке қарсы қызметі тұрғындардың көмек сұраған хабарламаларынан көз аша алмай отыр. Табиғат апатының зардаптарын жою үшін бірнеше күн қажет болар.
Зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ.