Варшавада климаттың өзгеруі туралы БҰҰ конференциясы өтеді
10:31, 11 Қараша 2013
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Варшавада бүгін БҰҰ климаттың өзгеру жайлы шекті келісімінің 19-шы конференциясы өз жұмысын бастайды.
Халықаралық форумға қатысуға 190 елден 12 мың адам келді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Делегаттардың басты міндеті - жаңа климаттық келісім үшін негіздер жасау. Ол 2015 жылы Парижде өтетін конференцияда бекітіліп, 2020 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.
19-шы климат форумы 22 қарашаға дейін жалғасады.