Толассыз жауған нөсердің салдарынан қаланың кәріздік жүйесі мол суды игере алмай отыр. Келіп түскен соңғы ақпараттар бойынша, көптеген көшелерді су басып қалған, жерасты өткелдері мен метро стансалары да судың астында қалып отыр. Онымен қоймай, Варшаваның бір бөлігі жарықсыз қалды. Қоғамдық көліктің жұмысы да тоқырап тұр. Польшада 7 сағаттан астам уақыт қатты жел тұруда.
Коммуналдық қызметтер табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұра алмай отыр. Синоптиктердің болжамынша, жақын арада нөсер басылмайды.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы бірнеше апта бойы Польша соңғы жылдардағы ең күшті су тасқынымен арпалысып келеді. Жайсыз ауа райының салдарынан 22 адам қаза тапты. Түрғын үйлер мен мекемелер, егін алқаптары судың астында қалды.