Вашингтон Ирактағы барлық әскерін 2011 жылдың желтоқсан айының 31-іне дейін алып кетпек, делінген Ақ үй мәлімдемесінде. Вашингтон мен Бағдадтың арасында 2008 жылы жасалған келісім бойынша, американдық жауынгерлік бөлімдер Ирактан ағымдағы жылдың жаз айларының соңына дейін кетуі керек болатын.
Иракта қалған контингент - 50 мыңдай адам - елдің қауіпсіздік күштерін оқытуды жалғастырады және жауынгерлік операциялар барысында оларға қолдаулар көрсететін болады.