Вашингтон метросында НАТО мерейтойына арналған көрме өтуде

БРЮССЕЛЬ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Альянстың 60 жылдық мерейтойына арналып жоғары деңгейде өткізілетін кездесуге орай НАТО одақтастардың Ауғанстандағы миссиясы туралы баяндайтын ақпараттық науқан ұйымдастыруда.

Бұл шара ұйымның негізін қалаған Солтүстікатлантикалық келісімшартқа қол қойылған қалада өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Наурыздың 23-і мен сәуірдің 19-ы аралығында НАТО Вашингтон метрополитенінде (Колумбия штаты) аталмыш экспозициялық көрмені ұйымдастырып отыр. Көлемі 20х21 дюймді құрайтын көріністер Вашингтон метросының вагондарына орнатылған, онымен күн сайын мыңдаған жолаушылар мен туристер таныса алады. Көрме үшін одақтастар мен ауғандықтар елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесіп атқарып жатқан миссияларды бейнелейтін мазмұнды және мағыналы фотосуреттер пайдаланып отыр.