Әзірге бұл тағамдар тек демалыс күндері таңғы сағат 11-ден кешкі 19-ға дейінгі уақыт аралығында медициналық мақсаттарда каннабисті пайдалану көрсетілген тұтынушыларға ғана сатылады. Тағамдар мәзірінде салаттар, попкорн мен сэндвичтер бар.
Magical Butter компаниясының атқарушы директоры Гарин Энджел әр тағамның құрамында шамамен 100 миллиграмм марихуана бар екенін айтты. Ішінде есірткілік қоспасы бар өнімдерді компанияның қажетті құжаттары мен лицензиялары бар автобустарынан орта есеппен 25 долларға сатып алуға болады.
Айта кетейік, биылғы наурыз айында Вашингтон штатының қалалық кеңесі марихуананың аздаған бөлігін сақтауды қылмысқа жатқызбайтын заң жобасының қабылдануына дауыс берген болатын.