Бұдан бұрын екі жараланған адамның бар екені хабарланған. Куәгерлерге сілтеме жасаған Komo News телеарнасының деректеріне сәйкес қарулы адам Берлингтон қаласындағы Cascade Mall сауда үйіне кіріп, оқ жаудыра бастаған. Берлингтон Стэтль қаласынан солтүстікке қарай 100 шақырымда орналасқан.
«4 адамның қаза тапқаны расталды. Шабуыл жасаған азамат немесе азаматша полиция келгенше ізін суытып үлгерді. Олардың саны белгісіз, біреу болуы да ықтимал», - деп телеарна Twitter-ге жарияланған полиция өкілінің хабарламасын келтірді.