Алғашқы кезде оны тегін пайдалануға болады.
3,9 шақырымдық желіні он жылдың ішінде іске қосу жоспарланған болатын. Жоба бірнеше рет қайта қаралды және өзгерді.
АҚШ-та трамвай қатынасын қайта түлету қолға алынды. Соңғы бес жылда трамвайлар Атланта көшелерінде және Солтүстік Каролинаның Шарлотта қаласында пайда болды. Нью-Йоркте 26 шақырымдық трамвай желісін іске қосу жоспарлануда.
Вашингтон маңындағы Арлингстонда ғана бұл мәселе іске аспай қалды, мұнда бірден екі жоба алынып тасталды. Қала тұрғындары олардың жоғары бағасына қарсылықтарын білдірді.
Өткен жылы трамваймен 50,84 млн. жүріс жасалды - жыл ішіндегі өсім 3,4%-ға жетті, деп хабарлады федералдық көлік департаменті.