Вашингтонда АТР Citi Open теннис турнирі өтпейтін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вашингтонда өтуі тиіс АТР Citi Open турнирі белгіленген уақытында өтпейтіні ресми түрде мәлмделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарыс 14-20 тамыз аралығында өтуі тиіс болған. Мұндай шешім халықаралық әуе рейстеріне тыйым салынуымен және COVID-19 пандемиясына байланысты қабылданды.