Вашингтонда «Азиядағы қауіпсіздікке қатысты диалогты қолдау: АӨІСШК рөлі» тақырыбында конференция болып өтті
Конференцияға қатысушылар алдында сөз алған Қазақстанның елшісі Ерлан Ыдырысов пен Түркия елшісі Намик Тан, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 1992 жылғы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған кезінен бергі даму кезеңдеріне талдау жасады.
Осы беделді құрылымға төрағалық ету мәртебесі биыл ғана қолға тиген Түркия елінің елшісі Кеңеске Қазақстан төрағалық еткен уақытта Азиядағы келісім мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға берік негізді қамтамасыз етіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты, даму мен өркендеуді қамтамасыз етудегі жаһандық күш-жігерге тиімді қосымша болып отырғанын тілге тиек етті.
Конференцияға қатысқан беделді американдық сарапшылар Азиядағы өзара іс-қмыл және сенім шаралары кеңесінің аясында атқарылып жатқан шараларға жоғары баға берді.