Вашингтонда энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-американдық комиссияның бірлескен 7-нші отырысы өтеді

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев бастаған қазақстандық энергетика мамандарының делегациясы 2010 жылғы 15-16 қарашада өтетін энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-американдық комиссияның бірлескен 7-нші отырысына қатысу үшін Вашингтонға келеді.

Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі таратқан баспасөз баянында айтылған.

Келіссөздерге қатысатын қазақстандық энергетикалық команда құрамында Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған ортаны қорғау министрліктері, «Қазмұнайгаз», «Қазтрансгаз», «КЕГОК», Бәсекелестікті қорғау агенттігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталық өкілдері бар.