Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі кеңес өтіп жатыр

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы жыл сайынғы екіжақты дәстүрлі кеңес өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахмановтың айтуынша, онда еліміздің көптеген мемлекеттік органдарының басшыларынан құрылған қазақстандық делегацияны Сыртқы істер вице-министрі Қайрат Омаров басқарады. Ал АҚШ тарапын осы елдің Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блейк жетекшілік етеді. «Жиынның күн тәртібінде Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық саммитіне дайындық ретіндегі Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері, Ауғанстанды әскери-саяси тұрғыдан тұрақтандырып, осы елдің әлеуеті мен экономикасын қалпына келтіру, саяси және экономикалық бағыттағы ынтымақтастықтың болашағы мен халықаралық қауіпсіздік және адам өлшемдері сияқты кең ауқымды мәселелер бар. Жиын барысында қазақстандық делегацияның АҚШ-тың іскер топтары мен үкіметтік ұйым өкілдерімен кездесулері жоспарланған», деді ресми өкіл.