Вашингтонда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа NTI американдық қорының жүлдесі табыс етілді

ТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - 4 қазан күні Вашингтонда қордың 10 жылдығына орай «Ядролық қауіп-қатерді қысқарту жөніндегі бастама» (NTI) атты белгілі американдық қор жүлделерін табыстау рәсімі болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қор жаппай қырып-жою қаруын тарату мен оны қолдану қаупін азайту жолы арқылы жаһандық қауіпсіздікті нығайтуды мақсат тұтады.

Қор жүлдесіне ие болғандар арасында Австралия, Ұлыбритания, Германия, Норвегия, Ресей, АҚШ және Таяу Шығыс елдерінің белгілі мемлекет қайраткерлері бар.

Жүлдегерлер арасында бірінші болып Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі аталды. Қордың негізін қалаушы, АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Сэм Нанн мен белгілі американдық бизнесмен Тед Тернердің атап өткеніндей, NTI қоры ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ядролық-қару жарақты таратпау ісіне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіру белгісі ретінде осы шешімді қабылдаған.

Елбасы Н.Назарбаев атына берілген марапатты ала отырып. АҚШ-тағы ҚР елшісі Ерлан Ыдырысов NTI қоры мен қордың негізін қалаушыларды 10 жылдық мерейтойларымен құттықтады, сондай-ақ Қазақстан NTI он жыл бұрын алдына қойған барлық қайырымдылық істі толықтай қолдайтынын жеткізді.