Вашингтонда Қазақстанның ДСҰ-ға кіру бойынша көпжақты келіссөздер өткізіледі
Келіссөздер барысында бірқатар жүйелік сұрақтарды талқылау жоспарланып отыр, соның ішінде ауылшаруашылық саласын қолдаудың мемлекеттік шаралары, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану, сондай-ақ көпжақты үлгіде талқылау жоспарланып отырған тағы бірқатар өзге де сұрақтар бар.
ДСҰ бойынша келіссөздердің аяқталуы туралы хаттамаға ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ж.Айтжанова мен АҚШ-тың сауда өкілінің орынбасары Димитриус Марантис қол қойғаны белгілі.
Жанар Айтжанованың АҚШ-қа жасаған сапарының барысында сондай-ақ оның АҚШ Президентінің арнайы кеңесшісі Майкл Макфол мен АҚШ-тың сауда өкілінің орынбасары Димитриус Марантиспен жоғары саяси деңгейдегі екіжақты кездесулері, сонымен қатар оның 7 желтоқсан күні Нью-Йорк қаласында өтетін 4-ші қазақстандық-американдық инвестициялық форумға қазақстандық делегациясының басшысы ретінде қатысуы жоспарланып отыр.