Вашингтонда наразылық акциясына қатысқан 400-ден астам адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон полициясының мәліметінше, сыбайлас жемқорлық қарсы акцияға қатысқан 400-ден астам ұсталды. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлайды.

Наразылық акциясы Капитолий жанында өткен. Оған қатысушылар еркін әрі әділ сайлау өткізілуін талап еткен. Олар «бір адам - бір дауыс», «саясатты қаражат шешпеуі керек» деп ұрандатқан.

Полиция топты екіге бөлген. Заңсыз әрекеттері үшін ұсталған ереуілге шыққандарды пластик кісенмен қолдарын байлап, автобустарға отырғызып алып кеткен..

11 сәуірдегі ереуіл «Демократиялық көктем» атты наразылық шерулер аясында өткізілді.