«Бүгінгі айтулы шара үлкен маңызға ие. Көрменің мақсаты - Құран және пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері арқылы Ислам құндылықтарын жұртшылыққа жеткізу. Ислам дінінің құндылығын бұрмалап жеткізіліп, дұрыс бағаланбай жатқан шақта бұл көрменің маңызы өте зор», - деп мәлімдеді Түркия елшісі Сердар Кылыч.
«Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесінде әлемге аты әйгілі каллиграф туындылары қойылды. Онда қасиетті Құран аяттары, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өнегелі өсиеттері, сондай-ақ Алла елшісінің есімдері өрнектелген.