Вашингтонда төрт полицейді дәмханада атып кетті
09:16, 30 Қараша 2009
АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат - Вашингтонда Такомадағы АҚШ Әуе қарулы күштері базасының маңындағы дәмханада төрт полицейді атып тастады,
олардың біреуі әйел, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары кезекшілікке шығар алдында дәмханада өздерінің ноутбуктарымен жұмыс істеп жатқан кездерінде белгісіз біреу оларға оқ жаудырған.