Вашингтондағы атыс: бір адам қаза тауып, тоғызы жараланған
17:23, 09 Тамыз 2020
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, тағы тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат WTOP радиостанциясына сілтеме жасап.
Радиостанцияның хабарлауынша, жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-де болған.
Бұл оқыс оқиғаға қатысты әзірге басқа мәліметтер жоқ.