Вашингтондағы Капитолий ғимаратында атыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ астанасында американдық конгрестің отырысы өтетін Капитолий маңында атыс болып жатқаны туралы ақпараттар түсуде, деп хабарлайды Би-би-си.

Көргендердің айтуынша, дауыс күшейткіш арқылы олардың жасырынуларын сұраған. Сенаттағы журналистерге де орындарында қалуларын өтінген.

Капитолий полициясының баспасөз хатшысы бұл оқыс жағдай жайлы әзірге түсініктеме берген жоқ. Рейтердің деректеріне қарағанда, оқ жаудырғандардың бірі ұсталған, бір полицей жараланған