ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Вашингтондағы елшілігінде Америкада білім алып жүрген қазақстандық жастар Қуат Абрау мен Мейіргүл Қалешова қазақтың дәстүрімен неке қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жас отау иелері - «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары. Олар қазір Бостон университетінің магистратурасында оқып жүр. Екеуі Нұр-Сұлтан қаласында «Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысу үшін құжат жинап жүргенде танысқан» делінген хабарламада.
Ерлі-зайыптыларға неке куәлігін елшіліктің консулдық бөлімінің жетекшісі Алмаз Садыров табыс етті.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.